Жылуоқшаулағыш Материалдарын Өндірушілер Қауымдастығы KazBuild 2025 көрмесінде презентация өткізді

Алматы, Қазақстан Республикасы — 2025 жылғы 4 қыркүйек KazBuild 2025 — 31-ші Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі аясында Жылуоқшаулағыш Материалдарын Өндірушілер Қауымдастығының ресми таныстырылымы өтті. Бұл — Қазақстандағы заманауи, тұрақты және бәсекеге қабілетті жылуоқшаулағыш материалдар нарығын дамыту мақсатында отандық жетекші өндірушілерді біріктіретін жаңа кәсіби ұйым. Өткізу орны: «Атакент» көрме орталығы, Конференц-зал №2, 9-павильон, 2-қабат. Қонақтар қатарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП, көрме қатысушылары және Қауымдастыққа мүше компаниялардың өкілдері болды.

Негізгі баяндамалар Қауымдастық Президенті Рахимов Е.Е. кіріспе сөз сөйлеп, Қауымдастықтың құрылу мақсаттарын, стратегиялық басымдықтарын және даму бағыттарын таныстырды. Ол саланың күшін біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, жылуоқшаулағыш материалдар секторының тұрақты әрі технологиялық дамуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Абақанов Е.Н., «Электроэнергетиканы дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазахэнергоэкспертиза)» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі ретінде құттықтау сөзінде мұндай қауымдастықтардың құрылуын салалық өзекті мәселелерді мемлекетпен бірлесе шешудің тиімді құралы ретінде бағалады. Саланың жетекші компанияларынан техникалық сарапшылар да сөз сөйледі: Вершинкин Н., «ПЕНОПЛЭКС СПб» корпорациясы Нұрғабылов У., «ТехноНИКОЛЬ» корпорациясы Олар отандық өндірушілердің бірігу қажеттігін атап өтіп, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы заманауи техникалық шешімдерді таныстырды.

Серіктестікке қызығушылық Қауымдастықпен болашақта ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірген халықаралық және жергілікті компаниялар қатарында Saint-Gobain, ROCKWOOL, Gamma Meccanica, BASALT WOOL және басқалары бар.

Болашақ жоспарлар Қауымдастық алдағы уақытта да профильдік көрмелер, форумдар мен конференциялар аясында осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыт қауымдастық қызметінің маңызды құралына айналып, Қазақстандағы жылуоқшаулағыш материалдар нарығын дамытуға ықпал етпек. Нарық дамуы отандық және халықаралық сапа, тұрақтылық пен энергия тиімділігі стандарттарына негізделетін болады.