Жылу Оқшаулағыш Мматериалдарын Өндірушілер Қауымдастығы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Кәсіпкерлер ұлттық палатасына аккредитациядан өту үшін құжаттар топтамасын жолдады.
Аккредитациядан өту Қауымдастыққа ҰКП алаңында саланың мүдделерін ресми түрде білдіруге, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты талқылауға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар бастамалауға мүмкіндік береді.
Қауымдастық жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру және жеткізу саласында жұмыс істейтін қазақстандық компанияларды біріктіреді және әділ бәсекелестікті дамытуға, өнім сапасын арттыруға, импортты алмастыруға және саланың тұрақты дамуына қолдау көрсетеді.
«Атамекен» ҰКП-да аккредитациядан өту Қауымдастыққа мемлекеттік органдармен және салалық құрылымдармен белсенді диалог жүргізуге, жұмыс топтары мен сараптамалық кеңестерге қатысуға, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қорғаудың қосымша тетіктерін пайдалануға жол ашады.
Қауымдастық жылу оқшаулағыш материалдар саласында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындарды ынтымақтастыққа шақырады. Қауымдастыққа мүше болу компанияларға ортақ міндеттерді бірлесіп шешуге, салалық өзекті ақпараттар алуға, салалық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ салалық күн тәртібі мен нормативтік базаны қалыптастыруға белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді.