Шымкент қаласында ауыл шаруашылығына арналған жабу материалдары мен құрылыс мембраналарын шығаратын жаңа зауыт жұмысын бастады. Жаңа жоғары технологиялық жабдықтарда IZOTERM IZOSPAN құрылыс плёнкалары мен мембраналары, сондай-ақ бақ пен үйге арналған АГРОТЕКС агроволокнасының өндірісі жолға қойылды. IZOTERM IZOSPAN мембраналары — үйлерді ылғал мен желден сенімді қорғайды, жылу оқшаулағыш материалдардың қызмет ету мерзімін ұзартады. АГРОТЕКС — өсімдіктер мен топырақты үсік, күн сәулесі, жауын-шашын, зиянкестер мен арамшөптерден қорғауға арналған тиімді шешім. Бұл жаңа зауыт — екі танымал брендтің табысты әріптестігінің нәтижесі: 🇰🇿 IZOTERM (тас мақта, Қазақстан) 🇷🇺 ИЗОСПАН (гидро- және желден қорғау, Ресей) IZOTERM компаниясы – Қазақстанда заманауи технологияларды жергіліктендіруге және саланың дамуына үлес қосып жүрген Жылуоқшаулағыш Материалдарын Өндірушілер Қауымдастығының белсенді мүшесі екенін мақтанышпен атап өтеміз. Зауыт өңір бойынша дилерлермен, құрылыс компанияларымен және соңғы тұтынушылармен ынтымақтастық орнатуға ашық.