2025 жылғы 17 қарашада «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының шешімімен «Жылу Оқшаулағыш Материалдарын Өндірушілер қауымдастығы» «Атамекен» ҚР ҰКП құрамында ресми түрде аккредитация алды!
«Атамекенге» қолдауы мен құжаттарды жедел қарағаны үшін, сондай-ақ қауымдастықтың барлық мүшелеріне құжаттарды жинау және тапсырудағы үйлесімді жұмыстары үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Енді Қауымдастыққа мүше болу кең мүмкіндіктер ашады:
жылу оқшаулағыш саласындағы барлық талқылаулар мен жобаларға қатысу,
энергияны үнемдеу және энергоэффективтілік саласындағы нормативтік құжаттарды қабылдау және әзірлеуге қатысу,
тәжірибе алмасу және саланы ұлттық деңгейде дамытуға қатысу,
Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін «Атамекен» ҚР ҰКП деңгейінде мүделерін қорғау және ұсыну.
Аккредитация Қауымдастықтың сала дамуы үшін тиімді қызмет атқарып отырғанын растайды.
Өтінім қалдыру
Жазыңыздар, қоңырау шалыңыздар, келіңіздер — көмектесеміз, кеңес береміз, жүзеге асырамыз.