Қауымдастық тарапынан 2021–2025 жылдар аралығындағы жылуоқшаулағыш материалдар бойынша мемлекеттік статистикалық есептің алдын ала деректері қалыптастырылды
2025 жылғы мемлекеттік статистикалық есепті қалыптастыру жұмыстарының аяқталуына байланысты Қауымдастық тарапынан 2021–2025 жылдар аралығындағы жылуоқшаулағыш материалдарды (тас жүн, экструдталған пенополистирол, вспененный каучук) қамтитын өнімдер бойынша статистиканың алдын ала деректері алғаш рет қалыптастырылды.
Деректер Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының платформаларынан алынған ақпарат негізінде қалыптастырылды.
Жүргізілген жұмыс барысында мемлекеттік статистика органдары қарастырылып отырған өнім түрлері бойынша жеке және нақты бөлінген есеп жүргізбейтіні анықталды. Осыған байланысты жылуоқшаулағыш материалдардың өндіріс, импорт және экспорт көлемдері бойынша нақты деректермен белгілі бір сәйкессіздіктер болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қауымдастық қолданыстағы статистикалық есеп жүйесіне толық талдау жүргізіп, қарастырылып отырған өнім түрлеріне қатысты болуы мүмкін барлық қолжетімді кодтар мен көрсеткіштерді қамтыды.
Қауымдастық аталған жұмысты салалық талдамалық және статистикалық базаны қалыптастырудың алғашқы кезеңі ретінде қарастырады. Алдағы уақытта жылуоқшаулағыш материалдар өндірісі көрсеткіштерін нақтылау және егжей-тегжейлеу жұмыстары, соның ішінде тиісті өнім өндірушілерімен тікелей өзара іс-қимыл арқылы жалғасатын болады, өйткені ресми статистика негізінде деректерді одан әрі нақтылау мүмкіндіктері шектеулі.
Ұсынылған ақпарат жылуоқшаулағыш материалдар нарығының ағымдағы жағдайын бағалау кезінде базалық талдамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Статистикалық есеп ерекшеліктеріне байланысты шектеулерге қарамастан, бұл деректер өндіріс динамикасы мен өнімнің импорт және экспорт көлемдері туралы бастапқы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Материалдар Қауымдастықтың qazizol.kz сайтында («Жылуоқшаулаудағы талдау» бөлімі) орналастырылған.