«Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Өңдеуші өнеркәсіп комитетінің отырысына қатысу
2026 жылғы 15 сәуірде Қауымдастық мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының салалық кеңестері өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Өңдеуші өнеркәсіп комитетінің отырысына қатысты.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы қараша айынан бастап Қауымдастық «Атамекен» ҚР ҰКП құрамында аккредиттелген, ал 2026 жылғы ақпаннан бастап Өңдеуші өнеркәсіп комитетінің мүшесі болып табылады.
Отырыстың тақырыбы: техникалық реттеу құралдары шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау.
Күн тәртібі аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдерімен бірлесіп, өзектендіруді және әзірлеуді талап ететін стандарттар тізбесін қалыптастыру мәселесі қарастырылды.
Әсіресе, Қауымдастық тарапынан отандық өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, тас жүнге арналған СТ РК ұлттық стандартын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл бастама Комитет мүшелері тарапынан кең қолдау тапты.
Отырыс қорытындысы бойынша аталған стандартты 2026 жылға әзірленетін СТ РК тізбесіне енгізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл - бүкіл сала үшін алға жасалған маңызды қадам және қазақстандық тас жүн өндірушілері үшін үлкен жетістік.
Қауымдастық саланың мүдделерін қорғау және отандық өндірісті дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Алда бұдан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізілетініне сенімдіміз!
Өтінім қалдыру
Жазыңыздар, қоңырау шалыңыздар, келіңіздер — көмектесеміз, кеңес береміз, жүзеге асырамыз.