№ 80 «Энергия үнемдеу және энергетика мен жылутехникада энергия тиімділігін арттыру» (ТК 80) стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің отырысына қатысу
2026 жылғы 16 сәуірде Қауымдастық № 80 «Энергия үнемдеу және энергетика мен жылутехникада энергия тиімділігін арттыру» (ТК 80) стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің отырысына қатысты.
ТК 80 «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ базасында жұмыс істейді. Еске сала кетейік, Қауымдастығымыз 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап оның тұрақты мүшесі болып табылады.
Анықтама үшін: техникалық комитеттер ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің ұсыныстары негізінде экономиканың түрлі салаларында стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ерікті негізде құрылады. Олардың қызметі салааралық деңгейде стандарттарды әзірлеуге бағытталған. Бүгінгі таңда техникалық комитеттер ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру барысында барлық мүдделі тараптардың келісімін қамтамасыз етіп, стандарттардың сапасын арттыруға және оларды жоғары ғылыми-техникалық деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Отырыстың күн тәртібі:
ТК 80 қызметі бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылау;
ТК 80 құрамына енгізу немесе құрамынан шығару үшін кандидатураларды қарастыру;
2025 жүргізілген 173 ұлттық стандартқа ревизия нәтижелерін қарастыру;
ТК 80 атауын («Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» деп) өзгерту мәселесін пысықтау.
Отырыс барысында Қауымдастық күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға белсенді қатысып, талқыланған бағыттар бойынша ұсыныстар мен сараптамалық пікірлер енгізді.
Қосымша атап өтеміз, ТК 80 қызметіне қатысу аясында Қауымдастық жылу оқшаулағыш материалдар түрлері бөлінісінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын (СТ РК) әзірлеуді бастамашылық етуге және оған қатысуға, оның ішінде оларды өзектендіру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл жұмыс Қауымдастықтың Техникалық жұмыс тобы тарапынан басталды.
Қауымдастық саланы дамыту және нормативтік-техникалық базаның сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.